АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, республикамыздың кей жерлерінде жаңбырмен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ болуы ықтимал. Павлодар облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.