https://sputnik.kz/20170610/2492337.html
ЭКСПО көрмесі алғашқы күні жұртқа қандай әсер қалдырды?
ЭКСПО көрмесі алғашқы күні жұртқа қандай әсер қалдырды?
Sputnik Қазақстан
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі келушілердің бәріне есігін айқара ашты. 10.06.2017, Sputnik Қазақстан
2017-06-10T21:17+0500
2017-06-10T21:17+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/249/00/2490002_0:26:4287:2451_1920x0_80_0_0_908c6393625c7903b2b586a9b785922a.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2017
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/249/00/2490002_0:0:4287:2694_1920x0_80_0_0_107d27bdacafc9dc598d733fff6e79c1.jpg Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, экспо-2017 халықаралық көрмесі
мультимедиа, экспо-2017 халықаралық көрмесі
ЭКСПО көрмесі алғашқы күні жұртқа қандай әсер қалдырды? 21:17 10.06.2017 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022 )
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі келушілердің бәріне есігін айқара ашты.
Таң сәріден бастап еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін павильондарға барып, ЭКСПО дегеннің не екенін көруге асықты. Кейбіреулерді ЭКСПО онша қызықтыра қоймаса, өзгелер таңданысын жасыра алмай, жас балаша ес-ақылдары шығып мәз болып жатты. ЭКСПО-ның алғашқы күні халыққа қандай әсер қалдырғанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыздар.
© Sputnik / Айгюзель Кадир Қонағымыздың сол қолына қараңыздаршы, құдды бір сиқырлы энергия тудырып жатқандай.
Қонағымыздың сол қолына қараңыздаршы, құдды бір сиқырлы энергия тудырып жатқандай.
© Sputnik / Асем Миржекеева У-шу қытай делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесінен алған естен кетпес әсерлерін жасыра алмай, шаттанып, қолдарындағы туларын жамырай желбіретеді.
У-шу қытай делегациясы ЭКСПО-2017 көрмесінен алған естен кетпес әсерлерін жасыра алмай, шаттанып, қолдарындағы туларын жамырай желбіретеді.
© Sputnik / Асем Миржекеева Пәкістаннан келген шеберлер әйнек тақтайшаларға әсем өрнектер салудан қажымайды екен!
Пәкістаннан келген шеберлер әйнек тақтайшаларға әсем өрнектер салудан қажымайды екен!
© Sputnik / Асем Миржекеева Дін қызметшілері де ЭКСПО көрмесіне асығуда.
Дін қызметшілері де ЭКСПО көрмесіне асығуда.
© Sputnik / Асем Миржекеева Би билеп, ойнап-күлсең, көңілің көтеріліп, жадырап қалатының анық. Мына жігіттер әп-сәтте көрерменнің көзайымына айналды.
Би билеп, ойнап-күлсең, көңілің көтеріліп, жадырап қалатының анық. Мына жігіттер әп-сәтте көрерменнің көзайымына айналды.
© Sputnik / Айгюзель Кадир Түркия павильоны алдында, міне, осындай келбетті жігіттер қарсы алады.
Түркия павильоны алдында, міне, осындай келбетті жігіттер қарсы алады.
© Sputnik / Асем Миржекеева Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов ЭКСПО-2017 көрмесіне беттеп келеді.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов ЭКСПО-2017 көрмесіне беттеп келеді.
© Sputnik / Асем Миржекеева Түркіменстан павильонында ұлттық киім киген сұлу қыздар қарсы алды.
Түркіменстан павильонында ұлттық киім киген сұлу қыздар қарсы алды.
© Sputnik / Асем Миржекеева Ал Пәкістаннан келген мына бір қонақ ойға шомып кетіпті, отанын сағынып отырған болса керек.
Ал Пәкістаннан келген мына бір қонақ ойға шомып кетіпті, отанын сағынып отырған болса керек.
© Sputnik / Асем Миржекеева Грузин арулары ұлттық павильонын көруге шақырады.
Грузин арулары ұлттық павильонын көруге шақырады.
© Sputnik / Асем Миржекеева ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына жүзінен күлкі үйірлмейтін жаны жайсаң, жайдары жандар жиналыпты.
ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына жүзінен күлкі үйірлмейтін жаны жайсаң, жайдары жандар жиналыпты.
© Sputnik / Асем Миржекеева «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрменің бүкіл павильонын аралап шықты. Бәрі қатаң бақылауда!
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрменің бүкіл павильонын аралап шықты. Бәрі қатаң бақылауда!
© Sputnik / Асем Миржекеева Жеті қазынамыздың бірі – күзетші ит өз міндетін бұлжытпай орындауда. Сол үшін тәтті-дәмдіден де құр қалмайды.
Жеті қазынамыздың бірі – күзетші ит өз міндетін бұлжытпай орындауда. Сол үшін тәтті-дәмдіден де құр қалмайды.
© Sputnik / Айгюзель Кадир Әжесі құндақтағы немересін баламалы энергия түрлерімен таныстыруға алып келіпті.
Әжесі құндақтағы немересін баламалы энергия түрлерімен таныстыруға алып келіпті.
© Sputnik / Айгюзель Кадир ЭКСПО қалашық – көрмеге келушілер жымия қарап, баршаңызға тек жақсылық тілейді.
ЭКСПО қалашық – көрмеге келушілер жымия қарап, баршаңызға тек жақсылық тілейді.