АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Бірнеше апта бұрын инфаркт алған қазақстандық қытайлық ауруханаға жеткізілген еді. Науқас есін жиған соң дәрігерлер оны еліне алып кетуге рұқсат берді. Бүгін ер адам Астанаға жеткізілді.
Мамыр айының соңында Қытайға іс-сапармен барған ер адам инфракт алып, Үрімшідегі ауруханалардың біріне жеткізіледі. Кейін ол комға түскен. Бір аптадан кейін 45 жастағы қазақстандық есін жиғасын дәрігерлер науқасты туған еліне алып кетуге рұқсат береді.
"Ешбір әуе компаниясы бортына ауыр хәлдегі жолаушыны алуға бас тартады. Ал қытайлық дәрігерлер науқасты автокөлікпен жеткізуге қарсы болады. Сөйтіп, сыртқы істер министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен кеңескен соң Үрімшіге арнайы санавиация жіберу шешілді", — деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Оның айтуынша, бірнеше сағат бұрын ұшақ Астанаға ұшып келді. Ер адам №1 қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне әрі қарай ем қабылдауға жеткізілген.
Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр, бірақ қалыпты деп бағалап отыр.