АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде он бірінші сыныптың оқушысын зорлап, өлтірген қаскөйге қатысты сот үкімі шықты.
Ер адам биылғы жылдың наурызында балдызын зорап, одан кейін оны өлтірген.
Тергеу материалдары бойынша 31 наурызда сотталушы Даурен М. үйде оқушы қызбен жалғыз қалады. Өзінің екі баласын далаға, ал балдызын ішімдік алып келуге жібереді. Ұрттап алғаннан кейін ол 17 жастағы қызға тиісе бастайды. Оқушыны зорлағаннан кейін қаскөй оны қылқындырып өлтіреді де, денесін диванның астына тығып тастайды.
Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып, автобуспен Өскеменге кетпек болады. Бірақ полиция қылмыскерді ұстайы.
Ер адам 99-баптың 2-тармағы, 120-баптың 3-тармағы бойынша айыпты деп танылды.
Сот шешімі бойынша, қылмыскер 21 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, 10 жыл педагогикалық қызмет және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысы бар жұмыста істей алмайды.