Өңірлер

ЭКСПО-ның алғашқы үш күнінде ауа райы қандай болмақ?

© Photo : пресс-служба РГП "Казгидромет"Зайна Құлжабаева
Зайна Құлжабаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің алғашқы күндері ауа райы бұлтты әрі жаңбырлы болады.
Погода на первые три дня ЭКСПО

Қатты жел соғып, күннің күркіреуі, аспанды бұлт торлауы елордалықтар үшін үйреншікті құбылыс болса, қала қонақтарына қолайсыздық тудыратыны анық. Бірақ ЭКСПО павильондары мен нысандарының әсемдігі шетелдік қонақтарымыздың көңілін аулап, ауа райының бұзылғандығын байқамай да қалады деп ойлаймыз.

"Батыс Сібірге төнген циклонмен байланысты суық атмосфералық фронттар демалыс күндері еліміздің басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, ол кезде қатты жел ұйытқуы да мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан төмен, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында климаттық норма деңгейінде", — деп хабарлайды "Қазгидромет" инженер-синоптигі Зайна Құлжабаева.

Сонымен қатар, синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның батысында алдағы екі тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, кейін атмосфералық фронтар жаңбыр ала келіп, кей жерлерде қатты күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғуы мүмкін.

Жаңалықтар
0