Қатал көзқарастар, байсалды жүздер – жоғары деңгейдегі кездесулер саясаткерлерді ресми қарым-қатынас стиліне міндеттейді. Әдетте мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін әртүрлі форумдарда тап сондай фотолар көреміз. Дегенмен адами эмоциялар ел көшбасшыларына жат емес.
Sputnik Қазақстан Астанада өткен ШЫҰ саммитінің ең жарқын кадрларын таңдап алды.

Ілтипатпен қол алысу мен достық күлімсіреу. Белоруссия президенті Александр Лукашенко мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрыннан таныс, сондықтан протоколдан кетіп бір-бірімен әзілдесе алады.

Қазақстан президенті үшін мұндай кездесулер әдетті. Кішкене жымию мен ойлы көзқарас саммиттің сәтті өткені туралы сенім білдіреді

РФ президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан кейін өздеріне ерік беріп, өздеріне бағытталған фотокамералар елемеуге тырысады.

Ал сыртқы саяси ведомство басшыларға жымиюға уақыт жоқ. Мұндай кездесулер ерекше жауапкершілік жүктейді. Суретте: РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов.
