АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ШҚҰ-ға қатысушы мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін Қазақстан елордасына келді, деп хабарлайды РИА Новости РФ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Саммит аясындағы негізгі іс-шаралар жұмаға жоспарланған, бірақ бейсенбіде Путин саммит қарсаңындағы концертке қатысып, Қытай басшысы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесулер өткізеді.
Президенттің көмекшісі Юрий Ушаков бұдан бұрын журналистерге көшбасшылардың Шанхай Ынтымақтастық ұйымын дамыту, терроризммен күрес, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы жағдай, сонымен қатар Иранның ШЫҰ-ға мүше болуға өтінішін талқылайтынын хабарлаған.
Бұдан бөлек саммитте Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға толық құқықты мүшелігі ресми түрде рәсімделетін болады. Отырыстың қорытындысы бойынша 11 құжатқа қол қойылады.