АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық саммиті мен ЭКСПО-2017 ашылу салтанатына қатысу үшін Астанаға келді. Бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың мемлекет басшысымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізді.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданды:
- "Жібек Жолы" қорының жекелеген кірістерін салық салудан босату туралы келісім;
- Киноөндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қорғас өзенінде "Шүкірбұлақ" бірлескен сел ұстайтын бөгет салудағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік салық әкімшілігі арасындағы салық мәселелері жөніндегі меморандум;
- Көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын мұздатылған ұсақ мал етіне қойылатын инспекция, карантин талаптары мен ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі хаттама;
- "Қазақстан" РТРК" АҚ және Қытай Халық Республикасының орталық телевидениесі арасындағы меморандум;
- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасындағы суперкомпьютерді ұсыну жобасы жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;
- Зертханалық жабдықтарды ұсыну туралы келісім;
- "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат" қоры мен Қытайдың халықаралық саудаға қолғабыс көрсету комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының кітапханасы мен Қытайдың қоғамдық академиясы арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастық туралы келісім.