Оқиға

Көкшетауда құтқарушылар әйелді кәріз құдығынан шығарды

Жазылу
Көкшетауда әйел кісі кәріз құдығынан шығармақ болған құтқарушыларға қарсылық танытқан

АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Көкшетау тұрғыны кәріз құдығында өзін-өзі өлтірмек болды, деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Арық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Полиция арыққа ағып кеткен қыз қазасының мән-жайын айтып берді

Жетінші маусымда құтқарушыларға полициядан ескі триатлон (стадион — ескер) аумағында құдықта әйел бар деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар кәріз құдығына түскен, бірақ әйел көмектен үзілді-кесілді бас тартып, өмір сүргісі келмейтінін айтқан. 

Тереңдігі 3,2 метрге жететін құдық мұздай суға толы және газданған болған. Қала тұрғынының өміріне қауіптенген құтқарушылар әйелдің қарсылығына қарамастан альпинистік құралдардың көмегімен құдықтан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына береді. Әйелді шарасыздыққа қандай себептердің итермелегені туралы хабарланбайды. 


Жаңалықтар
0