Оқиға

Қарағандыда инспекторларға оқ жаудырудың мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Анатолий Устиненкоөртенген актокөлік
өртенген актокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Браконьерлер инспекторлардың көлігіне екі рет оқ атып, белгісіз затты лақтырып жіберді

АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қарағанды облысындағы "Ақ бөкен" күзет қорығының директоры Игорь Милосердов Sputnik Қазақстанға браконьерлердің инспекторларға оқ атқаны туралы айтып берді. 

"Ол жерде үш инспектор болды, нақтырақ айтар болсақ үш экипаж. Браконьерлердің көлігіне жақын болған көлік ең қатты зақымданды. Сол сәтте экипаж аумақты шолып жүріп, браконьерлерді анықтаған. Олардың ізіне түсіп, екі көлік шетпен кеткен, ал біреуі қуып жетті. Алдымен инспекторлық көліктің терезесіне екі рет атқан. Содан кейін көлікке қарай бензині бар пакет па шөлмек пе ұшты. Шыңнан олар көре алмаған. Көлік өртеніп кетіп, инспекторлар шығып үлгерді", — деді Игорь Милосердов. 

Милосердовтың сөзіне қарағанда, өртенген көлік жөндеуге келмейді. Қазіргі уақытта қорым директоры Қарағанды облыстық ІІД, өз қызметкерлерінен түсінік жинап үлгерген. 

8 маусым күні таңертең Қарағанды облысындағы "Ақ бөкен" табиғи қорымының аумағында инспекторлардың көлігіне оқ атты. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ. Кейіннен ІІД-де оқиға орнына Қарағанды облысы Ұлытау ауданының жедел тобы аттанған.


Жаңалықтар
0