АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Біреу өлтіріп кеткен ер адамның денесі Лисаковскіде балабақша аумағынан табылды, деп жазады "Алау" басылымы.
Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша 26 жастағы Лисаковск тұрғынының жансыз денесі 7 маусым таңғы сағат алты шамасында табылған.
"Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ізін суытпай 32 жастағы бұрын сотталған Лисаковск тұрғынын ұстады. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейіні тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полицейлер.
Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.