АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. "Протон-М" ракета тасығышы "Байкоңыр" ғарыш айлағынан бір жылдық үзілістен кейін ұшырылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл жолы "Протон-М" америкалық Еchostar-21 байланыс жерсерігінің орбитасына шығады. Ракета тасығыштың штаттық режімде ұшырылғаны белгілі.
Бұған дейін "Протон" 2016 жылы 9 маусымда ұшырылған болатын. Сол кезде Intelsat-31 жерсерігін орбитаға шығаратын зымыраннан ақау шығып, екінші сатыдағы қозғалтқыш уақытынан бұрын сөніп қалған. Ғарыш аппараты орбитаға шығарылғанымен, тексеріс жүргізген комиссия Воронеж механикалық зауытында қозғалтқыш құрастыру кезінде дәнекерлеу технологиясының сақталмағанын анықтады.