Өңірлер

Қазақстанда күн жаңбырлы әрі салқын болады деп күтіледі

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады

АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың кей жерлерінде жаңбырмен найзағай күтіледі, екпінді жел соғып, бұршақ болуы мүмкін,       деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.      

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз  жел 15-20 м/с дейін күшейіп, бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20  м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғарыі өрт қауіпі күтіледі.


Жаңалықтар
0