АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Абу-Даби қаласындағы Jannah Hotels and Resorts мейманханасы жұмысқа сегіз бірдей мысықты алу туралы шешім шығарғанын хабарлады.
Мейманхана әкімшілігінің пайымынша, сүйкімді үй жануары қонақүй қызметкерлерінің көңіл-күйіне жағымды әсер етіп, еңбек уақытында келеңсіз әрі көңілсіз жағдайларға ұшырамауына септігін тигізеді, деп жазады ummet.kz-ақпарат.
"Бұл ой бізге 2015 жылы келген. Көптеген зерттеулер кеңселерде үй жануарларын ұстау адамды тыныштандырып, күйзелістен сақтайтынын дәлелдеді. Біздің ұжым мысықтарды ерекше жақсы көреді және оларды Jannah мейманхана ұжымына қабылдауға әзір", — дейді Jannah Hotels and Resorts қонақүйінің негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Нехма Имад Дарвиш.
Қазіргі уақытта мейманхана штатында – 8 мысық бар. Мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ қонақтардың да мысықтармен ойнауына рұқсат етілген.