АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Қазақстан Америка Құрама Штаттарын Астанада өтетін сириялық шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздерге байқаушы болуға шақырды, деп жазады РИА Новости.
"Мемлекеттік департамент Қазақстан үкіметінен келесі аптада Астанада өтетін Сирия жөніндегі процесс бойынша келіссөздерге байқаушы ретінде қатысуға шақыру алды. Құрама Штаттары сириялық дағдарыстың саяси шешім табуына жақтас болып қала береді", — деп мәлім етті Мемлекеттік департамент өкілі РИА Новостиге.