АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал барысында әйел кісі мен оның баласын пышақтап өлтірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.
Полиция ақпаратына сәйкес, облыстың Аққайың ауданында болған екі кісі өлімі бейне бақылау камераларының көмегімен ашылды.
"Бірлесіп ішімдік ішу барысында жанжал туындап, ер адам пышақ алады. Смирновоға жұмыс істеуге келген Ленинск кентінің 25 жастағы тұрғынының құрбаны 47 жастағы әйел мен оның 25 жасар ұлы болған", — деп ақпараттандырды ІІД-де.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні аудандық полиция қызметкерлері бірнеше сағаттан соң ұстаған. Күдікті қылмысты мойындағаны атап көрсетілді.