Өңірлер

Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтужауын
жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне фронтальды бөліктер әсер етеді, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр найзағаймен күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жауады, екпінді жел болып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қызылорда, Ақтөбе, күндіз  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік күтіледі.


Жаңалықтар
0