Тал жүріп бара жатқан көлікке құлады, электрөткізгіш желілері зақымданды
АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Алматыда автокөліктің үстіне құлаған талдың кесірінен Жангелдин көшесінің бойында қозғалыс жабылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері.
Көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда Nissan Altima көлігі Жангелдин көшесі бойынан оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан.
Қолайсыз ауа райы — қатты жел мен нөсер жауынға байланысты тал тамырымен жұлвнвп кетіп, тура көлікке құлады. Жоғары вольтты сымдары бар үш бағана зақымданды. Жангелдин көшесі бойындағы қозғалыс толық жабылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.