Жарыс кезінде қыздың сағатына 531 км жылдамдықпен келе жатқан көлігі жанып кеткен.
"Жарыс басталған кезде кенеттен Кортнидің машинасы дірілдей бастады. Бірнеше секунд өтпей жатып, қозғалтқыш жарылып, көлік түтінге оранды. Кортнидің аман-есен көліктен шығуы таңғажайып болды", — деп жазады The Star Daily басылымы.
Дрэг-рейсинг жарысына келген көрермендер қыздың жанып кеткен көліктен аман-есен шыққанын көріп, таңғалды.
"Құдайға шүкір, ол тірі қалды», — деп жазды желі қолданушылары. "Сұмдық болды. Масқара", — дейді олар.
© Photo : аккаунт Кортни Форс в Instagram Кортни Форс
Кортни Форс
© Photo : аккаунт Кортни Форс в Instagram
Бірақ бұл жағдай Кортни Форсты тоқтатпақ емес. Ол осы оқиғадан кейін кезекті жарысқа дайындалып жатқанын жазды. Кортни апаттан кейін келесі күні басқа жарыста екінші орын алды.