АСТАНА, 6 маусым— Sputnik. Пайда табуда асыра әрекет ететін жалға берушілермен нарық механизмі арқылы күрес жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, ЭСКПО-ға келетін шетел туристері әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қонақ үйлердегі, жатақханалардағы, хостельдердегі бос орындар мен бағасы туралы біле алады.
"Ұшып келген соң ақпараттық дүңгіршіктер арқылы қонақ үйден алдын ала орын алуға мүмкіндік бар. Онда ағылшын тілінде қызмет көрсетеді. Бұл қауіпсіз әрі бағасы да нақты белгіленген. Жалға беру құнын біз қадағалап отырамыз. Біз бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін белгілі бағалармен пәтерлер пулын құрған болатынбыз. Яғни арзандатылған баға ұсынылса, қымбат баға екінші кезекте қаралады. Біз барынша бағаның қалыптасуын тек нарық әдісімен реттедік", — деді Бектұрова
Елорда билігі туристерге қонақ үйлердегі баға мен бос орындар туралы арнайы қосымшаларды пайдалануға кеңес береді.
Халықаралық мамандандандырылған ЭКСПО көрмесі 10 маусым күні жұмысын бастайды.
Бүгінгі күнге дейін көрмеге 1 миллионнан астам билет сатылған.