АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Қазақстанның әлеуметтік желісі жұмысындағы ақаулықтармен айналысып жатыр, деп хабарлады ведомство басшысы Дәурен Абаев.
Бұдан бұрын қазақстандықтар Twitter, Instagram және Facebook сияқты әлеуметтік желілерде жұмыс істеу қиынға соғатынын айтып, шағымданған болатын.
"Ия, біз қазір анықтап жатырмыз. Ол байланыс операторлары ғой, оператор түсіндіреді. Біреулерде проблемалар шықты. Демек ол нақты оператормен байланысты. Біз оны анықтап жатырмыз, ақпаратты ұсынатын боламыз", — деді Абаев сейсенбіде журналистерге.