Саясат

ЭКСПО-ның ашылуына 20-ға жуық мемлекет және үкімет басшысы қатысады

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО-ның ашылуына 20-ға жуық мемлекет және үкімет басшысы қатысады
ЭКСПО-ның ашылуына 20-ға жуық мемлекет және үкімет басшысы қатысады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада ЭКСПО көрмесінің салтанатты ашылуы тоғызыншы маусымда өтеді

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik.  20-ға жуық мемлекет және үкімет басшысы Астанада ЭКСПО көрмесінің салтанатты ашылуына қатысады, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов.

"Тоғызыншы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының отырысы аяқталғаннан кейін ЭКСПО көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрменің ашылуына 17 мемлекет және үкімет басшысы қатысады деп отырмыз. Бұдан бөлек, заңнамалық органдардың өкілдері, ЭКСПО көрмесіне белсенді қатысып жатқан түрлі елдердің атынан министрлер қатысады", — деп хабарлады Абдрахманов БАҚ өкілдеріне. 

Сондай-ақ ШЫҰ отырысына келетін делегация басшыларының құрметіне мерекелік концерт өтеді. 

Министр ШЫҰ отырысының тарихи мәні зор екенін атап өтті. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ экстремизмге қарсы іс-қимыл конвенциясы қабылданып, Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру бойынша қажетті рәсімдер аяқталады. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары ұйымның дамуы мен міндеттерін айқындайтын отырыс өтеді. 

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары негізін қалаған халықаралық ұйым.  


Жаңалықтар
0