Саясат

Қазақстан Катармен байланысты жағдайды келіссөздер арқылы реттеуге үндейді

© AFP 2024 / FAYEZ NURELDINEҚазақстан Катармен байланысты жағдайды келіссөздер арқылы реттеуге үндейді
Қазақстан Катармен байланысты жағдайды келіссөздер арқылы реттеуге үндейді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше мемлекет Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Астана Катармен байланысты оқиғаға тартылған елдерді жағдайды келіссөздер арқылы реттеуге шақырады, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов. 

"Катар мемлекеті мен бірқатар араб елдері арасында туындаған жағдайға қатысты айтарым, біздің еліміз барлық тараптар келіспеушіліктің өршуіне жол бермей, бұл жағдайды дипломатиялық амалдар, келіссөздер жолымен реттейді деген үмітте", — деді Абдрахманов БАҚ өкілдеріне. 

Министр атап өткендей, Қазақстан барлық тараптарды дипломатиялық қатынастардың үзілуінен зардап шегетін осы елдер халқының игілігі үшін ұстамдылық танытып, парасатты шешім қабылдауға шақырады. 

5 маусымда Египет, Сауд Арабиясы, Бахрейн мен Бірікке Араб Әмірліктері Қатарды террористік ұйымдарға қодау көрсетті деп айыптап,  бұл елмен дипломатиялық қатынастарды үзгенін жариялады. Кейін Ливияның шығыс бөлігінің билігі, Йемен, сондай-ақ Мальдив пен Маврикий республикалары да осындай шешім қабылдады. 

Бүгін Катардың террористерге ұрланған корольдік отбасының мүшелері үшін миллиард доллар шамасына төлегені белгілі болды. 

 

Жаңалықтар
0