АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті.