Саясат

Қазақстан СІМ Астанадағы Сирия бойынша жаңа кездесудің болжамды тақырыбын атады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР сыртқы істер министрлігінің ғимараты
ҚР сыртқы істер министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан СІМ басшысы Астанада қол қойылған деэскалация аймақтары туралы меморандумның Сириядағы шиеленістің бәсеңдеуіне ықпал еткенін атап өтті

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Астанада 12-13 маусымда өтетін сирияаралық келіссөздерде талқылануы мүмкін тақырыптарды жариялады. 

"Алдыңғы мамырлық кездесу кезінде осы жерде кепілгер елдер Сирия аумағында төрт деэскалация аймағы орнатылатын меморандумға қол қойды. Жоғарыда аталған меморандумның нақтылануы болжанып отыр, атап айтар болсақ бұл зоналардың қалай қызмет атқаратыны", — деді Әбдрахманов журналистерге. 

Оның сөзіне қарағанда Ресей, Түркия және Иран сияқты кепілгер елдер – жақын арада күн тәртібі мен алдағы келіссөздерге қатысушылардың құрамын бекітулері тиіс. 


Жаңалықтар
0