Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде алдағы күндер жаңбырлы болады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЕліміздің басым бөлігінде алдағы күндер жаңбырлы болады
Еліміздің басым бөлігінде алдағы күндер жаңбырлы болады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
6-8 маусымға арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты дауылды жел болады деп болжанып отыр. 

"Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жаңа атмосфералық фронттар жылжуда. Алдағы үш тәулікте көптеген облыстарда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты дауылды жел болады, оңтүстік және шығыстағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр болуы мүмкін. Осы ретте ауа температурасы климаттық нормаға жуық және төмен болады деп күтілуде", — дейді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Саида Бердібекова. 

6 маусымда Астанада күн құбылмалы болады. Күндіз жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде ауа температурасы – 7-9, күндіз – 19-21 градус жылы.

7 маусымда елордада жаңбыр жаумайды. Түнде 5-7, күндіз 20-22 градус жылы болады деп болжанған. 

8 маусымда Астанада күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +21+23°С болады. 


Жаңалықтар
0