АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Тоғыз жасар ер бала Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы өзенде шомылып жүріп, батып кеткен, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінен.
Қайғылы оқиға 4 маусымда Қоскөл ауылында болған.
"№13 орта мектебінің 3 сынып оқушысы елді мекеннен бір жарым шақырым жерде суға батып кетті. Баланың денесі судан шығарылды", — деп хабарлады полиция.