Оқиға

Алматыда салонында екі жасар бала болған "жедел жәрдем" көлігі аударылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан сандай-ақ фельдшер зардап шекті

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Алматыда жедел жәрдем автокөлігі жол апатына түсті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

"Бостандық ауданында Сәтпаев-Әуезов бойында жедел жәрдем Сәтпаев көшесімен шығысқа қарай қозғалып бара жатып Әуезов көшесінен бағдаршамның қызыл шамына даңғылға кіріп барады. Жедел жәрдемнің ішінде 2015 жылы туған бала болған", — деді Салтанат Әзірбек. 

Бұл кезде Әуезов көшесі бойынан оңтүстікке қарай жеңіл көлік көтеріліп бара жатқан. Сол сәтте көліктер соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылады. 

Жол апаты салдарынан жедел жәрдем каретасында болған бүлдіршін зардап шекті, сондай-ақ фельдшер жарақаттар алды. Олар тиісті медициналық мекемеге жеткізілді.

Құқық қорғау органдарында нақтылағандай, аталған дерек Бостандық ауданы ІІБ әкімшілік полициясының өндірісіне қабылданды. 


Жаңалықтар
0