АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Екі ер кісі мен әйел австриялық Альпіде құтқару тікұшағынан шатқалға құлап кетті, деп жазады РИА Новости.
Австрияның оңтүстігінде Трофай қаласының маңында альпинизммен айналысатын ер кісі мен әйел құтқарушылардан көмек сұраған. Полиция қызметкері оларға тікұшақтан түсіп жұпты көтеруге тиіс болатын.
Алайда тікұшаққа бекітілген арқан үзіліп кетіп, салдарынан үшеуі де үлкен биіктіктен шатқалға құлады. Ер адам ауыр жарақаттар алған. Зардап шеккендердің есімдері мен азаматтықтары хабарланған жоқ.