Өңірлер

Қазақстанда дүйсенбіде күн құбылмалы болады

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтугүлдер
гүлдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жауын-шашын найзағаймен күтіледі, екпінді жел болады, солтүстігінде күндіз бұршақ болуы мүмкін

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

 Жамбыл  облысының  кей жерлерінде  найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 23-28м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде  найзағай, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай облысының  кей жерлерінде  найзағай, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік  Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай күтіледі. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде найзағай күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау,  Ақтөбе облыстарының, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0