Өңірлер

Астана әкімдігі "әкімге қоңырау соғу" мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp мессенджері
WhatsApp мессенджері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейтаныс адамдар Smart Astana ұялы қосымшасындағы "әкімге қоңырау соғу" қызметінің пайда болуы туралы хабарлама таратты

АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Астана әкімдігі "Smart Astana" қосымшасының жаңартылған нұсқасына қатысты жалған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарланады Астана әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

Әсет Исекешев Астана Аренада - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Исекешев жаңа алаңда "Астана" ФК футболшыларымен ойнады

2017 жылдың 4 маусым күні "Астана Innovations" АҚ баспасөз қызметі атынан әлеуметтік желілерде фейк акаунттармен және БАҚ арқылы белгісіз біреулер жалған ақпарат таратқан. 

Хабарламада "Қазақстандық IT- саласында жойқын жаңалық", "Smart Astana" мобильдік қосымшасының жаңартылған нұсқасында "әкімге қоңырау шалу" функцияcы пайда болды, бұл қосымшаны 1 шілдеден бастап жүктеп алу мүмкін болады, — делінген хабарламада. Астана қаласының әкімдігі мен "Астана Innovations" АҚ ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарады, таралған ақпар шындыққа жанаспайды. "Астана Innovations" АҚ тарапынан ресми ақпарат тек корпоративті электронды пошта арқылы таратылады. "Астана Innovations" АҚ баспасөз қызметінің корпоративті электронды поштасы – press@ain.kz. 

Астанада ЭКСПО қарсаңында экогаджеттер қалай жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан
Видео
Астанада ЭКСПО қарсаңында экогаджеттер қалай жұмыс істейді

Компания мамандары мобильдік қосымшаның жаңартылған нұсқасы шын мәнісінде 2017 жылдың 2 маусымында іске қосылғанын айтады, онда елорда басшылығының қабылдауына жазылу функциясы қолжетімді. Мобильдік қосымшаның ресми тұсаукесері 2017 жылдың 8 маусымында баспасөз мәслихаты аясында өтеді. Баспасөз мәслихатының қашан, қай жерде өтетіні туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қосымша хабарлайтын болады. "Smart Astana" мобильдік қосымшасына қатысты барлық ақпараталдағы пресс-конференцияда айтылады.

Қазіргі уақытта ҚР АКМ ақпарат және байланыс комитеті мен елордалық ІІД зерттеу жүргізіп, құқық бұзушылықтың себептері мен алда қолданылатын тиісті шаралар анықталуда


Жаңалықтар
0