АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. 14 жасар қыздың денесі бір апта іздеуден кейін Теміртау түбіне табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың жетекшісі Арман Алпысбаев.
Жеткіншек қыз 29 мамырда Нұра өзенінен қолдан жасалған тарзанкамен секіріп жоғалып кетті. Бір апта іздестіруден кейін құтқарушылар мен еріктілердің көмегімен 14 жасар қыздың жансыз денесі, болжам бойынша батып кеткен жерден екі шақырым қашықтықта табылды.
Қызды қайықпен және өзен жағалауынан 25 құтқарушы мен 30-дан астам ерікті іздестірді. ТЖД сұрауы бойынша, су деңгейі мен ағысты төмендету үшін Самарқанд су қоймасынан су шығару секундына 10 метрден 2 метрге дейін төмендетілді. Құтқарушылар 14 жасар Ангелинаны іздеуге көмектескен еріктілерге алғыс білдірді.