АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Лондондағы теракт салдарынан зардап шеккендер арасында қазақстандық жоқ, деп хабарлады республика сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
"Осы уақытқа дейін бар ақпарат бойынша, Лондондағы шабуылдар салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алдын ала ақпарат. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі тиісті анықтау жұмыстарын жалғастыруда", — деп жазды Жайнақов өзінің Facebook желісінде аккаунтында.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Лондонда жүрген Қазақстан азаматтарын сақтық шараларын ұстанып, адамдар көп жиналатын жерге бармауды және қоғамдық көлікке мінбеуге, сонымен қатар жақындарымен байланысып тұруға шақырады. Қазақстандық елшілікте "қызу желі" телефоны +44(0) 7447-470-570 қызмет етеді.
Лондон орталығында жексенбіге қараған түні екі террористік шабуыл жасалды. Лондон көпірінде шағын автобус шамамен жиырмадай бір топ жүргіншіні соғып өткен. Куәгерлердің айтуынша, көліктен үш адам атып шығып, 30 сантиметрден ұзындау пышақтарымен маңайдағыларға шабуыл жасаған. Алты адам терактінің құрбаны болып, 50-ден астамы зардап шекті.