Өңірлер

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

© AFP 2024 / Sam YehЖел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева Sputnik Қазақстан агенттігіне алдағы үш күнде - 3-5 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып берді
Прогноз погоды на выходные: грозы, град и ветер

"Кезекті белсенді циклон Батыс Сібірге ауысады, соған байланысты суық арктикалық және жаңа арктикалық фронттар Қазақстан ауа райына әсер етеді. Республика аумағынан өтетін фронттардың салдарынан жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жауады, желдің күшеюі 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с", — деп хабарлады Малика Бүлдекбаева.

Алдағы екі күнде батыс өңірден басқа облыстардың басым көпшілігінде ауа температурасы климаттық нормаға сәйкес немесе одан жоғары болса, дүйсенбі күні Қазақстанның бүкіл аумағында күн суытып, климаттық нормадан 3-6ºС төмен болады.

Сенбі күні Астанада өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +15+17°С, күндіз +29+31°С. Жексенбі — таңертең және күндіз оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, ұйытқуы 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +15+17°С, күндіз +26+28°С. Дүйсенбі елордамызда күндіз оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.

Алматыда сенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +15+17°С, күндіз +29+31°С. Жексенбі мен дүйсенбі — өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы +17+19°С, күндіз +28+30°С.

Жаңалықтар
0