АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ғимаратында жарылғыш құрылғы іздеп жатыр, бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне қаланың ішкі істер департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
"Жарылғыш құрылғы орнатылған деген қоңырау келіп түсті. Қаланың жедел қызметтері адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, ғимаратты қоршауға алды, сондай-ақ жарылғыш құрылғыны іздестіріп жатыр", — деді ол.
ІІД жүргізушілерден бұл аудандағы қозғалысын реттеуді сұрады.