Оқиға

Алматыда ҰҚТ мүшелерін ұстаудың мән-жайы ашылды

© Sputnik / Табылды КадырбековТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы операция барысында жедел қызметкер оқ жарақатын алды

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алматы прокуратурасы қылмыстық қауымдастық мүшелері мен ІІБ бұрынғы басшысын ұстаудың мән-жайын ашты.

 Мамырдың 29-нан 30-на қараған түні ҰҚК және ІІМ қызметкерлері арнайы операция барысында Алматы қаласы аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Бақыт Қасабеков пен ҰҚҚ көшбасшыларын ұстады. 

Арнайы операция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҰҚК: Алматыда қылмыстық топ көшбасшылары мен АІІБ бұрынғы басшысы ұсталды

 "Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің ұсталғандарды қамау туралы өтініші қабылданып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандар қамауға алынды", — деп хабарлады Алматы прокуроры Ғабит Миразов. 

Арнайы операцияның мән-жайын ашқан қадағалау органында, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстау барысында екеуінің қарсылық көрсетіп, арнайы бөлімшенінің көлігін бүлдіргені айтты. Атыс салдарынан арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ жарақатын алған. Жалпы ҰҚТ 17 мүшесі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері тергеу мүддесінде сыр болып қалады. 


Жаңалықтар
0