Өңірлер

Жаздың алғашқы айына арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат Шайхиновмаусымға арналған ауа райы
маусымға арналған ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маусымда найғазай, нөсерлі жаңбыр, бұршақ түседі деп болжанып отыр

АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Елімізде жаздың алғашқы айы құбылмалы болмақ. Ал айдың екінші онкүндігінің басында және үшінші онкүндікте күн салқындайды деп болжанып отыр. 

"Айдың басында батыс өңірлерде ауа-райына белсенді циклондар ықпал ететін болады. Нәтижесінде  нөсерлі жаңбыр, найзағай, бұршақ түсіп, солтүстік-батыс желінің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 5-13, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Еліміздің қалған аумағына оңтүстік-батыс ағындарымен жылы ауа массалары келеді, осыған байланысты еліміздің солтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-33, ал оңтүстікте  30-39 градусқа дейін жоғарылайды", — дейді "Қазгидромет" жетекші инженер-синоптигі Меруерт Сәкімова.

Бірақ жылы ауа райы ұзаққа созылмайды, алдағы демалыс күндері батыста күн бұзылып, шығысқа ауысып, Қазақстанның басқа да облыстарын қамтитын болады.

"Осы ретте, келесі аптаның ортасында еліміздің солтүстігі мен орталығының кей жерлерінде жаңбыр, найзағай ойнап, бірқатар ауданда бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстікте түнде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді, топырақта үсік болуы мүмкін, күндіз 12-20 градус жылы, оңтүстікте түнде 8-15, күндіз 20-25 градусқа дейін жылы болады деп болжанып отыр", — дейді инженер-синоптик. 

Маусымда Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан көп болады. Өзге аумақта климаттық норма шамасында. 

"Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде салқындаудың кезекті екі толқыны болуы мүмкін. Маусым айында орташа ауа температурасы көп жылдық мәнге жақын болады деп болжанған. Тек республиканың оңтүстiгі, оңтүстiк-шығысы мен шығысында температура нормадан 1 градус жоғары болады", — дейді маман. 


Жаңалықтар
0