Оқиға

Төрт күн бойы іздестірілген ер адамның жансыз денесі қамыс арасынан табылды

© Sputnik / Юрий Жаров / Медиабанкке өтуөзен
өзен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның денесінде зорлық белгілері анықталмаған: құтқарушылар жазатайым болуы мүмкін деп отыр

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Ақмола облысында төрт күн бұрын жоғалып кеткен ауыл тұрғыны қамыстың арасынан өлі күйінде табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар департаментінде.

Степной ауылының 1982 жылы туған тұрғын 28 мамыр күні үйінен шығып кетіп, оралмаған. Оны іздестіруге ТЖД жедел жасағы жұмылдырылып, жергілікті тұрғындар тартылды. 

"1 маусым күні таңертең шөп өсіп кеткен арықтан жоғалып кеткен ауыл тұрғынының мүрдесі табылды", — деп ақпараттандырды департаментте. 

Ақмола облысының ІІД агенттікке ер адамның жансыз денесі мәйітханаға жолданып, сараптама тағайындалғанын хабарлады. Ауыл тұрғынының денесінен зорлық әрекеттері көрінбейді. 


Жаңалықтар
0