Спорт

Қазақстан FIFA рейтингінің алғашқы жүздігіне оралды

© Sputnik / Aram NersesyanФутбол бойынша Қазақстан құрамасы
Футбол бойынша Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасының рейтингтегі үздік көрсеткіші 2016 жылғы қарашадағы 97-ші орын болған

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер құрамасы Халықаралық футбол ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингінде алғашқы жүздікке оралды.  

Қазақстан алдыңғы мамыр айында жарияланған рейтингпен салыстырғанда төрт қатарға (104-ші орыннан 100-шіге) көтерілді. Бұл ретте осы мерзімде команда бірде-бір ойын өткізген жоқ. 

Сәуір айында Қазақстан құрамасы қатарынан екі жеңілістен кейін 2016 жылғы тамыздан алғаш рет рейтингтің алғашқы жүздігінен шығып қалды. 

Қазақстан құрамасының рейтингтегі үздік көрсеткіші 2016 жылғы қарашадағы 97-ші орын болған

Рейтингті бастап тұрған Бразилия құрамасы, екінші орынға Аргентина көтерілді, үшінші орында Германия келеді. 

Посткеңестік кеңістік құрамалары арасында үздік көрсеткіш – 37-ші орында қалған Украина құрамасында.


Жаңалықтар
0