Оқиға

Жолаушылар автобусы "Медеу" маңындағы көпірден ұшып кетті

© Photo : patrul.kzЖолаушылар автобусы Алматы тауларында көпірден ұшып кетті
Жолаушылар автобусы Алматы тауларында көпірден ұшып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобус жүргізушісі жол апатының өзінің жолын кескен жеңіл көліктің кесірінен болғанын алға тартады

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. ПАЗ маркалы жолаушылар автобусы Алматы маңындағы таулардағы көпірден ұшып кетті. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, апат бейсенбі күні сағат 8-де бұрынғы "Просвещенец" демалыс үйіне қарай бұрылыста орын алды. Жүргізушінің сөзіне қарағанда, ол қалаға қарай жүріп бара жатқан кезде жеңіл көлік оның жолын кесіп кеткен. Соқтығысып қалмайын деп рөлді оңға бұрған, алайда бордюрге соқтығысқан соң солға бұрған. Автобус көпір қоршауын бұзып, жыраға ұшып кеткен. 

"Автобус жүргізушісінің уәжі тексерілетін болады. Сараптамалар тағайындалды. Өндірісті Медеу аудандық ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімі жүргізеді. Автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ", — деді Sputnik Қазақстанға Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, автобус бағыттық емес, ол бір мекемеге тиесілі. Оның атауын баспасөз қызметі әзірге анықтаған жоқ.


Жаңалықтар
0