АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Мектеп емтихандары қарсаңында тоғызыншы сынып оқушысы өзін-өзі өлтірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысының ішкі істер департаментінде.
Суицид 31 мамыр күні Целиноград ауданының Талапкер кентінде орын алған. "9 сынып оқушысы үйінде емтиханға дайындалып жатқан. Ата-анасы Астанада жұмыста болған. 2004 жылы туған сіңілсі үйіне келіп, әпкесін шкафқа асылып қалған күйінде тауып алған", — деп ақпараттандырды полицияда.
Сараптама тағайындалды. Қыздың толыққанды отбасынан болғаны атап көрсетілген.