Қоғам

ЭКСПО-2017: көрмені аралау ережелері және жұмыс режимі

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО
ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан жуырда Астанада ашылатын ЭКСПО көрмесіне қысқаша навигатор әзірледі. Көрмелерге қашан және қалай баруға болатынын, кіру билетінің бағасын және өзіңізбен бірге не алуға болатынын біліп алыңыз

ЭКСПО — әлемдік техникалық және технологиялық жетістіктер көрсетілетін халықаралық көрме. Әлемдік көрменің негізін қалаушы Ұлыбританияның қазіргі королевасының туысы принц Альберт. Тұңғыш ЭКСПО көрмесі 1851 жылы 1 мамырда Англияда өткен.

Астанада ЭКСПО-2017 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Тақырыбы — "Болашақтың энергиясы". Көрмеге 115 ел мен 20 халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.

Көрменің ресми сайты:

https://expo2017astana.com

Билеттерді қайда және қалай онлайн сатып алуға болады:

— "Керуен" СОО (Астана)

— "Хан-Шатыр" СОО (Астана)

— "MEGA Alma-Ata" СОО (Алматы)

— "MEGA Park" СОО (Алматы)

Билет қанша тұрады

Көрмеге кіруге екі түрлі билет сатып алуға болады:

• Кез келген күнге арналған билет – 6 000 теңге (күндіз), 8 000 теңге демалыс күндері)

• Нақты бір күнге арналған билет — 4 000 теңге (будни), 6 000 теңге (демалыс күндері)

Көрмеге тегін кіре алады

• Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері

• Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар

• Барлық топ мүгедектері

• Жетім балалар

• 6 жасқа дейінгі балалар (6 жас та есептеледі)

Көрмеге 50% жеңілдікпен кіре алады

  • Оқушылар
  • Студенттер
  • Зейнеткерлер
  • Көп балалы аналар
  • Кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп баласы бар отбасылар

Жұмыс режимі

Көрме күнделікті 9:00-дан 01.00-ге дейін істейді. Көрмеге кіру уақыты 9:00-дан 22:30-ға дейін.

Қазақстан павильонында не көруге болады

Көрме кешенінің басты элементі — "Нұр Әлем" павильон-сферасы. Ғимараттың диаметрі — 80 метр, биіктігі — 100 метр. Бірінші қабатта Қазақстанның павильоны орналасады, ол жерде еліміздің соңғы жылдардағы жетістіктері көрсетілмек. Сфераның өзінде Болашақтың музейі орналасады. Нысанның ерекшелігі — бұл әлемдегі ең алғашқы "толық сфера" тәрізді ғимарат. Жоғарғы бөлігінде екі жел генераторы орнатылған.

Көрмені аралау ережелері

Көрмедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, көрмеге кірерде келушінің жеке куәлігі болуы тиіс.

Алты жастан аспаған балалар көрмеге ересек адаммен бірге келе алады, 16 жастан бастап ересек адамның алып жүруі міндетті емес.

Көремеге билет бір-ақ рет кіруге мүмкіндік береді

Тыйым салынады

• көрмеге жануарлар немесе құстармен келу, соқырды жетектеуші иттерден басқа

• заңсыз сауда жасау

• экспоненттің рұқсатынсыз көрмеде ұсынылған заттардың суретін салу, көшіру, өлшеу, суретке түсіру

• шыны немесе темір ыдыста ішімдік және басқа да сусындар әкелу

Мәдени бағдарлама

ЭКСПО күндері елордамызда 700-ден астам мәдени шаралар өтеді. Шақырылған жұлдыздар — Мумий Тролль", "Би-2", Limp Bizkit, 30 Seconds To Mars және басқа да топтар.

Келесі сайттарда бағдарламамен танысып, билетті сатып алуға болады:

expo2017culture.kz

expo2017astana.com

Жаңалықтар
0