Өңірлер

БАҚ: Оралда зейнеткер әжейдің басына кірпіш түсіп, көз жұмды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты жел соғып тұрғанда, аулада серуендеп жүрген әйел адамның басына кірпіш түсіп кеткен

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Оралда қарт әйелдің басына кірпіш түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Әжей - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Біреудің төлқұжатын тауып алған әжейді полиция бірнеше сағат бойы тергеген

Сейсенбі күні 30 мамырда 64 жастағы әйел адам немересімен аулада жүреді: қыз бала велосипед мініп алда, ал әжесі артта келе жатады. Қыз артына қарағанда, қан-қан болып, жерде жатқан әжесін көреді. Жолай өтіп бара жатқан жүргіншілер жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер әйелдің аман қалуы мүмкін емес деген. Ертесінде әжей көз жұмыпты.

Қаза тапқан әйелдің ұлы басылымға хабарлағандай, қарт әйелдің басына бесінші қабаттан кірпіш құлап кеткен, қатты желден кірпішті ағаштар сырып құлатса керек. Ол айыптылардың жазасын беріп, осындай қауіп төнген өзге адамдарды қорғауды көздеп отыр.

Жаңалықтар
0