Өңірлер

1 маусымнан елорданың бірқатар маршрут бағдары ұзартылады

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың 1 маусымынан бастап № 2, 14, 32, 48, 50 қалалық маршруттардың жүріс сызбасы ұзартылатын болады

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан "Нұрлы жол" вокзалының іске қосылуына байланысты елорданың бірқатар маршрут бағдары ұзартылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Нұрлы жол" жаңа теміржол вокзалын іске қосуына байланысты, автобустардың қозғалысын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың 1 маусымынан бастап № 2, 14, 32, 48, 50 қалалық маршруттардың жүріс сызбасы ұзартылатын болады.

№ 2 бағдар

Бастапқы "Бал-бала" балабақшасы аялдамасынан "Бастөбе көшесі" аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі – теміржол вокзалына дейін жол – "Нұрлы жол" вокзалы» аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 14 бағда

Бастапқы "Теміржол вокзалы" аялдамасынан "Әзірет Сұлтан» мешіті" аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Тәуелсіздік даңғылы – Ж.Нәжімеденов көшесі – "Нұрлы жол" вокзалы" аялдамасы. Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 32 бағдар

Бастапқы "Бал бала" балабақшасы" аялдамасынан "Ж.Нәжімеденов көшесі" аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Ж.Нәжімеденов көшесі — Қ.Аманжолов көшесі – А.Байтұрсынов көшесі – "Нұрлы жол" вокзалы". Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 48 бағдар

Бастапқы "Теміржол вокзалы" аялдамасынан "Ақмола құрылыс" ЖШС" аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Шарбақты көшесі — теміржол вокзалына дейін жол – "Нұрлы жол" вокзалы". Кері қарай осы сызба бойынша.

№ 50 бағдар

Бастапқы "Бал бала" балабақшасы» аялдамасынан "Министрліктер үйі"аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Мәңгілік ел – М 3 көпірі — Ш.Қалдаяқов көшесі – Тәуелсіздік даңғылы — Ж.Нәжімеденов көшесі – "Нұрлы жол" вокзалы". Кері қарай осы сызба бойынша.


Жаңалықтар
0