АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Қазақстанда алғаш рет "Ұлытау қымызы" атты тұңғыш халықаралық фестиваль өтеді. Іс-шара қонақтары көшпелілердің мәдениетімен танысып, отандық қолөнер шеберлерінің мастер-класына қатыса алады, сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татып көреді.
"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған фестиваль ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның басшлығымен "Терісаққан көктемі" этнофестивалі бағдарламасы аясында өтеді.
"Ұлытау қымызы" — этномәдени фестиваль, оның шеңберінде жылқы өнерімен байланысты әртүрлі мәдени шаралар өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты "Бие байлау", "Қымыз мұрындық", "Садақ ату", "Найза лақтыру" ғұрыптарының аксиологиялық қызметін көрсету болып табылады әрі ыдыс-аяқтар көрмесін, әртүрлі қолөнер бойынша мастер-кластарды, қымыз әзірлеу әдісін көрсетуді қамтиды.
"Ұлытау қымызы" 1 шілдеде Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Кененбай көлі маңында өтеді.