АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Ауғанстан астанасы Кабулдағы жойқын жарылыс толқынан зақымдалған Қазақстан елшілігі суреттерін жариялады.
Суреттерде анық көрінгендей, жарылыс орнынан екі шақырымдай қашықтықта орналасқан ғимараттың терезесі сынған.
"Ауғанстандағы Қазақстан елшілігінің ғимараты Кабулда бүгін болған жойқын жарылыстан кейін. Шетелдегі Қазақстан дипломаттарына өз міндеттерін кейде осындай жағдайда орындауға тура келеді", — деп жазады еліміздің сыртқы саясат ведомствосының өкілі.
Жайнақов қайтыс болғандардың отбасына ҚР СІМ атынан көңіл айтты.
Кабулда сәрсенбі күні таңғы сағат 08.30-да жойқын жарылыс болды: Германия елшілігі маңында жарылғыш құрылғы орнатылған көлік жарылып кеткен. Жарылыс салдарынан 90 адам қаза тауып, 400 адам зардап шекті. Зардап шеккендер арасында екі қазақстандық бар.