Әлем

Ресей кемелері Ислам мемлекетіне шабуыл жасады

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өту"Калибр" қанатты зымырандарын ұшыру
Калибр қанатты зымырандарын ұшыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей кемелерінен ұшырылған төрт "Калибр" зымыраны сириялық Пальмирдегі террористер шебін зақымдады

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Ресей Әскери-теңіз күштері кемелері — "Адмирал Эссен" фрегаты мен "Краснодар" сүңгуір қайығы — Сириядағы "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының (көптеген елдерде тыйым салынған) нысандарын шабуылдады, деп хабарлайды РИА Новости РФ қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Филиппиндықтар Ислам мемлекеті содырларынан бас сауғалауда - Sputnik Қазақстан
Видео
Филиппиндіктер Ислам мемлекеті содырларынан бас сауғалауда

Нысандарға "Калибр" қанатты зымырандары жіберілген. Пальмирдің шығысында террористердің Раккиден әкелінген ауыр техникасы мен содырлары жинақталған.

Зымырандар Жерорта Теңізі айдынынан ұшырылған. Төрт зымыран көздеген жерге тиді. "Краснодар" сүңгуір қайығы зымырандарды су астынан ұшырыпты.

Соңғы рет Ресей кемелері Ислам мемлекетіне былтыр қараша айында шабуыл жасаған болатын.

Жаңалықтар
0