АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп дипломатиялық хаттамаға қарамастан, өзге мемлекет басшыларын тікелей ұялы телефонына хабарласуға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Президенттің бұл қылығы "АҚШ басшысы хабарламаларының қауіпсіздігі мен құпиялығына қатысты алаңдаушылық туғызды".
Дәлірек айтқанда, Трамп Канада және Мекиска көшбасшыларын ұялы телефонына хабарласуға шақырды. Ал Канада премьер-министрі Джастин Трюдо бұл ұсынысты пайдаланып үлгеріпті.
Француз шенеуніктерінің сөзіне сүйнесек, АҚШ президенті Франция президенті Эммануэль Макронмен де телефон нөмірлерімен алмасыпты.