Қоғам

ЭКСПО-2017 қонақтарына арнап бірегей мәдени бағдарлама дайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана готовится к ЭКСПО
Астана готовится к ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген көрермендердің басын қосатын эксклюзивті концерттер мен көрмелер өткізіледі

АСТАНА, 31 мамыр— Sputnik. Ғаламат шоудан, классикалық және заманауи музыкалық концерттерден, тақырыптық көрмелерден, балет және театр қойылымдарынан, цирктен құралған ЭКСПО-2017 мәдени-ойын-сауық бағдарламасы таныстырылды, деп хабарланады Үкімет басшысының ресми сайтында.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров хабарлағандай, бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген көрермендердің басын қосатын эксклюзивті концерттер мен көрмелер өткізіледі. 

"Біз мәдени-ойын-сауық бағдарламасын Қазақстан мәдениетінің әр алуандығын көрсететіндей етіп жасадық. Біздің оркестрлер, шығармашылық ұжымдар, поп-орындаушылар кеңінен ұсынылады. Сонымен қатар, коммуникативті әсерге жету үшін біз атақты шетелдік әртістерді шақырдық", — деді Марат Омаров.

Көрмені басты мәдени жобалардың бірі – "Ұлы Дала симфониясы" шоуы ашады. Ол қазақ халқы тарихының көп қырлы, таңқалдырар, динамикалық көрінісі ретінде ұсынылмақ. Қойылымда Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, әлемнің мифологиялық жаратылуынан бастап қазіргі күндерге дейін көрініс таппақ. Өзара сюжеттік желімен байланысқан, түрлі тарихи кезеңдерге арналған жеке номерлерден құралған бірегей жаппай музыкалық-хореографиялық қойылымды 10 мен 14 маусым аралығында алғашқы бес күнде көруге болады.

Peugeot Instinct concept car - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 көрмесінде келешектің көлігі - электромобиль ұсынылады
Мәдени-ойын-сауық іс-шараларына арнап ЭКСПО аумағында бірнеше арнайы ғимарат салынған. Негізгі алаң – амфитеатр, оған 10 мыңға жуық адам сыяды. Сондай-ақ, «Энергия» музыкалық холы, конгресс- және арт-орталықтар өз көрермендерін күтуде.

Ұйымдастырушылар шара қонақтары "Дәстүрлердің жаңа өмірі" атты бірқатар классикалық концерттерді тамашалай алатынын атап өтті. Олардың бірі – режиссер Алексей Франдеттидің баламалы ұсынуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің концерті. Музыкалық холл сахнасында Еуразиялық симфониялық оркестр, домбырашылар ансамблі, саксофоншылар квартеті, виолончель ансамблі, сырнайшылар квартеті, сопрано парады және баритондар парады, скрипкашылардың үлкен ансамблі өнер көрсетеді. 

Астана күнінде көрме аумағында қалада мерекеге орай ұйымдастырылған шаралардың ең бастысына айналатын көлемді концерт өткізіледі. 

Сондай-ақ, шара қонақтары "The Great Gatsby Ballet" заманауи хореографиясы мен кинематографының элементтері қосылған балет спектаклін, виолончельші Миша Майскийдің тамаша шығармашылығын, Kuss Quartet ішекті аспаптар квартетінің, пианиношылар Андреа Луккезини мен Давид Фрэнің өнерлерін, ресейлік саксофоншы Игорь Бутманның, Би-2 мен Мумий Тролль топтарының, Тимати, Полина Гагарина мен Егор Кридтің және қазақ эстрадасы өкілдерінің өнерлерін тамашалай алады. Бұл барлық өнер көрсетушілердің азғантай ғана бөлігі. Ұйымдастырушылар барлық шетелдік әртістердің аттарын толық жарияламауды жөн санады. 

ЭКСПО-2017-нің басты мәдени шарасы "Дю Солей циркі" болмақ, олар 11 акттен тұратын 71 қойылым ұсынады. Аталған бірегей шоуды тек Астанада ғана көруге болады.


Жаңалықтар
0