Қоғам

Астана және Алматы вокзалдарына тексеріп кіргізу кезінде пышақтар мен газ қаруы алынды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАстана вокзалында жүкті тексеріп кіргізу
Астана вокзалында жүкті тексеріп кіргізу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тексеріп кіргізу жүйесі 1 маусымнан бастап Қазақстанның 14 теміржол вокзалында енгізілді

АСТАНА, 31 мамыр— Sputnik. Астана мен Алматы вокзалдарындағы тексеру терминалдары пышақ және газ қаруын кіргізбеуге көмектесті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

темір жол вокзалы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың жаңа теміржол вокзалы "Нұрлы Жол" деп аталады

Биылғы 1 ақпан мен 30 мамыр аралығында Алматы теміржол вокзалында жолаушылар мен вокзалға кірушілерді ішінара тексеру нәтижесінде суық және газ қаруларын алып жүрудің 75 оқиғасы анықталды. Жолаушылардың көпшілігінен пышақтар мен кастет  тәркіленді.

Астана теміржол вокзалында тексеріп өткізу қондырғысы 2017 жылғы 1 сәуірден бастап іске қосылды. Осы аралықта Астана теміржол вокзалына алып кіруге тыйым салынған заттар мен құралдардың 10 фактісі анықталды. Мәселен, 29 мамырда жолаушыны тексеру кезінде одан ұзындығы 30 сантиметрлік қанжар табылды.

2017 жылғы 1 маусымнан еліміздегі 14 теміржол вокзалдарында жолаушылар мен қол жүктерін тексеріп өткізу басталады. Тексеріп өткізу қондырғылары Астана «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінде, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Атырау, Бейнеу, Маңғышлақ, Шымкент, Қызылорда, Семей, Тараз, Шу, Қостанай вокзалдарына орнатылады.


Жаңалықтар
0